МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Б. Т. ОРЫНБАСАРОВТЫҢ АЭА ҚАТЫСУШЫСЫ - "РЕНЭЛЛ АҚТАУ" ЖШС-МЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Орынбасаровтың АЭА қатысушысы "РенЭлл Актау" ЖШС басшылығымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Ақтау қаласында көпбейінді аурухана құрылысы бойынша жобаны инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелері және жобаны іске асыру кезеңдері талқыланды. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Орынбасаров жобаның өңір үшін әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, жоба бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, болашақ об'ектінің аумағына шыға отырып, "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығымен кездесу өткізілді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 139 млрд.теңгені құрайды, 800-ден астам жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Осыған дейін, Қазақстан өңірлерінде көпбейінді ауруханалар салу жөніндегі жобаны іске асыру мәселелері ағымдағы жылдың 9 қарашасында Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі А. Ұ. Маминнің басшылығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында талқыланған болатын.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 204